Понедельник, 13 ноября 2023 11:40

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды

Жаңа өрт сөндіру бекеті Бородулиха ауданында ашылды.

Автокөлік паркін жаңарту қосымша өрт сөндіру бекеттерін құру және шалғай елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл өрт сөндіру бекеті жалпы саны 2400 адам тұратын үш елді мекенге қызмет көрсетеді.

"Осылайша қолданыстағы өрт сөндіру бекеттерінің техникасын жаңарту және жаңадан бекет құру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға Департамент тарапынан биыл 13 өрт сөндіру техникасы берілді", делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні облыста 70 бірлік техникамен жабдықталған 61 өрт сөндіру бекеті бар. Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына және 2023 жылға арналған кезеңдік жоспарға сәйкес екі жаңа өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі