Четверг, 22 февраля 2024 06:20

Мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыстың жолы кесілді

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады", — делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі