Среда, 17 января 2024 17:09

"Бірінші күйеу балам келді": Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты сүйінші жаңалығымен бөлісті

Танымал әнші отбасындағы сүйінші жаңалығымен бөлісті.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтуынша оның отбасына алғаш күйеу баласы келген.

"Отбасыма бірінші күйеу бала келді" деп қысқа ғана қайырды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің жеке өміріне қатысты құпия көпті алаңдатқан еді. Көпшілік өнер иесінің жеке өміріне қатысты хабарға әлі де қызығушылық танытады.