Вторник, 05 декабря 2023 17:45

Шымкентте 28 жастағы ұлының өліміне әкесі күдікке ілінді

Шымкентте 28 жастағы жігітті пәтерде өз әкесі өлтірген болып шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйден 28 жастағы жігіттің денесін анасы тауып алған. Әйел адамның айтуынша, айналасы қып-қызыл қанға толы болған.

Оқиға орнына келген сот-медицина сарапшылары жігітте тіліктер болғанын анықтаған. Қылмысқа күдікті марқұмның әкесі болып шыққан. Бұл жайттан кейін күдікті қашып кеткен.

Қаратау ауданының полиция басқармасының басшысы Данияр Плалов:

"Бұл дерек бойынша "Адам өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", — дейді.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Полиция мәліметінше, күдікті психологиялық ауруларға байланысты есепте тұрады екен.