Абай гарнизонында нәзік жандыларды марапаттады
Биыл Абай гарнизонында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің құрылғанына алты жыл толды.
Атаулы күнге байланысты "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегіне ерекше тоқталды.
Әскери қызметшілердің отбасыларының моральдық-психологиялық жағдайын жақсарту және рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту мақсатында 2017 жылдың 26 қаңтарында бұл қызмет Қорғаныс министрінің бұйрығымен құрылған болатын. Содан бері бұл сала әскери қызметшілер мен олардың жанұяларының әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосып келеді.
Шара барысында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев пен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Ақмарал Ахметжанова нәзік жандылардың еңбегін ерекше атап өтіп, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Салтанатты жиын соңында құттықтау сөз сөйлеген полковник Дархан Ажибаев сала мамандарына алдағы уақытта табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Бұл қызметтің маңыздылығы мен оның әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына тигізетін оң әсері тек қана жұмыс барысында емес, жалпы қоғамға ықпалы зор екендігі шараның басты назарында болды.
Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі