Вторник, 28 ноября 2023 17:13

Смайылов қызылшаға қарсы вакцинация туралы: Басқаша күресу мүмкін емес

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қызылшамен күреске жергілікті әкімдер белсенді атсалысуы керектігін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Аурудың таралуын тоқтату керек. Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет», – деді ол.

Үкімет басшысы екпе алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Мұндай қауіпті вируспен вакциналаудан өзге жолмен күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуі тиіс. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі керек», — деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, желтоқсан айында Қазақстанда 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады.