"Кенжебектің аяғынан шалу": Қазақстандық танымал зағип әншінің бірінші әйеліне қатысты тағы да шу шықты
Қазақстандық танымал әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бірінші әйелі қоғамға әнші жайлы өз шындығын айтып, елді шулатқан еді. |
Десе де көпшілік, әйелдің бұл сөзін таза жала жабу деп топшылауда, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Еске сала кетейік, күні кеше бірқатар БАҚ беттерінде зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бірінші әйеліне қатысты ақпарат тараған еді. Ол әншінің Меккеде басқа бойжеткенмен танысып, бірінші әйелі мен баласын үйінен қуып шыққанын жайып салған. Ол аздай, өнер иесінің бірінші әйелі Кенжебектің өзін ұрып-соққанын, күні бүгінге дейін баласына қарайласпай, хабарсыз кеткенін айтқан еді.
Десе де көпшілік әйелдің бұл сөзімен мүлдем келіспейтінін айтуда. Олар әлеуметтік желілерде аталған оқиғаға қатысты түрлі пікірлерімен бөлісіп жатыр.
"Өтірік, шын болса әйелі өз аузымен айтсын, ақиқатын көреміз, мен сенбеймін", "Негізі адам сенетін әңгіме айтыңдаршы өзі екі көзі көрмейтін зағип адамнан таяқ жедім дегеніңе кім сенеді ол адамға мені қылқындырып ұршы деп өзің астына жатып алмасаң сені ұстай алмайды ғой", "Кежебектің аяғынан шалу деп білемін, Кенжебек ондай нәрсеге бармайды", "Әй мен сенбеймін қашып неге кетпедің көзі көрмейді, сені ұстап ала алмаушы еді" деп жазуда олар.