Среда, 06 марта 2024 18:15

ҰҚК: Алматы әуежайында жалған құжаттар ұсынған екі шетелдік азамат ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми дерекке сүйенсек, 2024 жылы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған екі шетелдік азамат ұсталды.

"Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды", деп нақтылайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жалған төлқұжаттар алынып, шетелдік азаматтар депортацияланғаны да нақтыланады.

Комитет мәліметінше, 2024 жылдың басынан шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.