Вторник, 27 февраля 2024 12:26

Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

"Қазгидромет" филиалының мәліметінше, жауын-шашын мөлшері:

  • 24.02.2024 ж. — 3,8 мм
  • 26.02.2024 ж. — 3,9 мм
  • 27.02.2024 ж. — 2,2 мм (түнде)жауды.


Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді.

Қазіргі уақытта біздің қала су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар өткізуде. Көктемгі су тасқыны кезеңінің ықтимал теріс салдарын болдырмау үшін су басқан көшелерден қар шығару негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Күндіз желіге 80-нен астам техника шығады, ал түнде 100-ден астам қар тазалау техникасы шығады.

Қыс мезгілінің басынан бастап қала аумағынан 40 мың текше метрден астам қар шығарылды, ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Затон, Дальная, Сроство және Казкрай сияқты аудандарда қар массаларының жиналуы байқалады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Біз тұрғындарды қырағы болуға және сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі