Пятница, 16 февраля 2024 17:08

Қазақстанның 16 облысы бойынша 100 жол бөлігі жабылды

Жолды күтіп-ұстауға 196 жолшы жұмылдырылды.

Еліміздің 16 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.

Оның ішінде:

  • Абай облысында — 9 учаске (1243 км);
  • Ақмола облысында — 27 учаске (2201 км);
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км);
  • Алматы облысында — 1 учаске (84 км);
  • Атырау облысында — 1 учаске (9 км);
  • Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км);
  • Жамбыл облысында — 1 учаске (450 км);
  • Жетісу облысында — 1 учаске (100 км);
  • Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске (133 км);
  • Қарағанды облысында — 8 учаске (1158 км);
  • Қостанай облысында — 11 учаске (1508 км);
  • Қызылорда облысында — 1 учаске (815 км);
  • Павлодар облысында — 9 учаске (1624 км);
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 15 учаске (1924 км);
  • Түркістан облысында — 2 учаске (283 км);
  • Ұлытау облысында — 3 учаске (543 км).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.