Понедельник, 22 января 2024 17:14

Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді.

Сот бүгін прокурор оқыған тиісті өтінішті қанағаттандырды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сот өтінішхатты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Абылай Исабекұлы Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралады. Шешімге шағым жасауға болмайды", — деді судья Айжан Құлбаева.

Еске салайық, бүгін таңертең Астанада Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды.