Пятница, 19 января 2024 17:07

Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз - қорғаныс министрі

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық бітімгершілік күштері бағытының егжей-тегжейін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде алғаш рет БҰҰ-ның бізге тәуелсіз миссия беруіне қолжеткіздік. Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз. Бұл ең маңыздысы. Екіншіден: бізге ұсынылатын міндеттер – аумақты патрульдеу, коменданттық қызметті атқару. Рота резервте болады", — деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Бұл ретте министр әскерилер 15 жауынгерлік көлік, инженерлік техника, стандартты қару-жарақ, байланыс құралдары және медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз етілетінін атап өтті.