Среда, 20 декабря 2023 17:17

Шавкат Рахмоновтың елге оралуы Алматы әуежайында шуға ұласты

UFC спортшысы Шавкат Рахмонов Лас-Вегастағы жеңісінен кейін Алматыға ұшып келді.

Спортшының елге оралуы жұртты Алматы әуежайын әбігерге салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна"-ға сілтеме жасап.

29 жастағы қазақстандық Алматыға Ыстамбұлдан ұшатын ұшақпен келген, әуежайдың VIP аймағында оны жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері күтіп тұрды.

Жүздеген жанкүйерлер жұлдызды спортшыны әуе айлағынан шыға берісте күтіп алып, көлігіне дейін шығарып салды. Рахмонов журналистердің сұрақтарына жауап беріп үлгермеді, себебі оған жанкүйерлер селфи үшін «шабуыл жасады».