Вторник, 28 ноября 2023 17:14

"Табиғатты аялауда әркім өз деңгейінде жауапкершілік алу керек": Эко белсенді қоршаған ортаны қорғаудың принциптеріне тоқталды

Қазақстанда өндірілген және қолданылған қалдықтар бүгінгі таңда 100 миллиярд тоннаны құраса, соның тек 5 пайызы ғана қайта өңделеді екен. Орта есеппен жыл сайын 5-6 тоннаны жинақтаймыз. Осы қарқында жалғаса берсе 2025 жылы бұл 8 тоннаны құрауы ғажап емес. Осындай аса ірі көлемдегі қоқысты өңдеу — зауыт ресурстарын ұзаққа апармайтынын айтпаса да белгілі. Бұған себеп еліміздегі қоқысты сұрыптап жинау мәдениетінің болмауы. Егерде қалдықтарды

қоқыс свалкалары мен полигондарға жинай берсек, келешекте жер тапшылығы басты мәселеге айналуын күтуімізге болады. Ал, кейбір полиэтилен сияқты қалдықтардың ыдырауы тек 100 жылдан кейін болатынын ескерсек, жағдайымыз мәз емес.

Осындай тақырып аясында Алматы қаласында қараша айында Эко фестиваль өтті. Соның ішінде қоқысты сұрыптаудың қадамдары жайлы айтқан эко белсенді Меруерт Салықовамен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты.

- Меруерт ханым! Бұл салаға қалай келдіңіз?

- Мен бұл салаға келуіме балам себепкер болды. Олай дейтін себебім, үйдегі қоқыстарды тастау барысында батарейканы қоқыс жәшігіне лақтырып жібергенімді көріп қалды. Содан балам «мама, бұны лақтырыуға болмайды. Мультфильмде бұны лақтыруға болмайтынын айтты, арнайы орынғ яғни, утилизацияға өткізу керек» деп өз пікірін айтты. Ол у бөлетін зат болғандықтан, зиянды екенін түсіндік, Сөйтіп, бөтелкеге батарейкаларды жинай бастадық. Содан бізге табиғатымызды бүлдіреді деген ой келді. Сөйтіп, бірден ізденуге кірістім. Арнайы тренингтерге қатысып, білім алдым. Ол жерде бізге алған білімімізбен айналадағы адамдарға айтуды үйретті. Сөйте келе, осындай айналамдағы ортағы үгіт-насихат жүргізе бастадым, үйрете бастадым, яғни, блог жүргізе бастадым.

Табиғатымызды аялауда әркім өз деңгейінде жауапкершілік алу керек. Саналы адамға табиғатты қорғау үшін оған басқа біреу келіп, үгіт-насихат айтудың қажеті де жоқ деп білемін. Әрине, көрсету де керек шығар. Мен тек өзімнің бұл салаға келу себебімнен туындаған пікірім. Неге мен өз қоршаған ортамды таза ұстамасқа деген ой мен әректтен бастау алды. Фестивальге арнайы спикер ретінде шақырылдым.

- Фестивальде сіздің тақырып қандай болды? Тарқатып айтып берсеңіз

- Экология тақырыбы аясында спикерлер түрлі тақырыпта спикерлер өз ойларымен, пікірлерін, ұсыныстарымен бөлісті. Ол жерде мастер кластар өткізілді.

Мен тоқталған тақырып қоқысты сұрыптау болды. Жалпы қоқысты сұрыптаудың 5 қадамы бар.

Біріншісі – түпсананы өзгерту

Екіншісі – бас тарту

Үшіншісі – қысқарту

Төртіншісі – қайта өңдеу

Бесіншісі – қайта қолдануға келмейтіндерді қайта өңдеуге беру.

Бұл сұрыптауды кез-келген сфераға жатқызуға болады. Мысалға, киімді алып қарайтын болсақ, оны қалай жүзеге асырамыз. Гардеробымызға осыншама киім қажет пе деп, бірінші соны ойлауымыз керек. Джинсы шалбарды деп алайық. Бес шалбар қажет пе? Ысырапты ойлауымыз керек. Бір джинсы шалбарды дайындау үшін кем дегенде жеті мың литр су кетеді. Кейбір мәліметтер бойынша, он бес мың литр деп айтылады. Оның бояулары бар. Ол лас дүниелер өзендерге ағызады. Қоймадан заводқа апарады. Боялған заттарды жуады. Өзен, теңіз, мұхиттарға ағызады. Біз осының барлығын ойлауымыз керек.

Екінші қадам – бас тарту. Яғни, керек емес, артық заттардан бас тарта білуіміз керек. Енді барлық нәрседен бас тарта алмаймыз, адам болған соң өмір сүру керек. Артық тамақ, артық киім шектен, шамадан тыс тұтынамыз, ысырап жасаймыз.

Ал, үшінші қадам – қысқарту. Бас тарта алмаған заттарымызды қысқартуға әбден болады. Және таңдау жасай отыру арқылы қолдануымыз керек. Қандай табиғи заттардан жасалған, мақтаны өндіру кезінде пестицид, гербецид қолданылды ма деген сияқты білуіміз керек. Өндірушіге біздің тараптан сұраныс болу керек. Өндіруші жасап берді екен деп, тұтынумызға болмайды. Экологиялық табиғи таза затқа сұраныс болса, өндіруші соны өндіреді.

Төртінші қадам – қайта қолдану. Өзімізге ұнамай қалған, яки, қысқарып қалған киімді, затты басқа біреуге беру, яғни, басқа біреу қолдану. Не болмаса, ательеге беру арқылы киімді басқаша өңдеп, өзгерту арқылы киюің. Бұның бәрі қайта қолдануға жатады.

Ал, ең соңғы бесінші қадам – қайта өңдеу. Бұл жоғарыдағы сұрыптаулардан соң ғана, осы қайта өңдеуге береміз. Сондықтан, плсатикалық заттар айналамыздағы ортаға қаншама зиянын тигізеді. Пластикалық заттарды өзен-көлге ағызбай, табиғатты таза ұстауымыз керек. Үйден шығардан алдын, өзімізбен бірге бөтелкемізді алып жүруіміз керек. Бір реттік қолданатын пластикалық бөтелкелерден бас тартамыз, немесе қысқартамыз. Әрине, жағдай әр түрлі болады. Мүмкіндігінше, қолға аламуыз керек.

Осы жоғарыдағы аталмыш бес қадамды қадам қадаммен іске асыруымыз керек. Қолдан келгенше, сапасы жоғары затты алуға тырысуымыз керек.

Қытай даналығында «Мен бай емеспін, арзан затты ала беретін» дегенді айта кеткім келіп отыр.

- Қоқысты сұрыптауда халықтың көзқарасы қалай? Халықты үйрету үшін не істеу керек?

- Халықтың пікірі әр түрлі. Неге мұндай экология мәселесін біз қарауымыз керек деп те айтады. Әрине, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғау, аялау бойынша іс-шаралар өткізіледі. Жылдан жылға табиғатты қорғауды әр адамзат өз міндетін атқаруда өз үлестерін қосуда.

Менің ойымша, бізде жағдай жасалған болса, халықтың көбі жасайтын еді. Екі қоқыс жәшігін қоя салып, қоқыс тастаңыз деген болмайды. Әр жерде қоқыс тастайтын жәшіктер мен баннерлер қойылу керек. Әр қоқысты көрсетілген бағыт бойынша тастаса, оны сұрыптау да жеңіл болады. Сонымен қатар, ысырап жасауды доғару керек. Қазіргі таңда бәрі қол жетімді болғанымен, оның зиянды жақтары да өте көп, Оны сараптай білуіміз қажет. Ол үшін әрдайым ізденіс пен білім керек.

Мен өз айналамды әрдайым тазалық пен білім алуға шақырамын!