Среда, 17 января 2024 17:06
Костенко шахтасындағы апат: 9 адам қамауға алынды
|
Бас прокуратура Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты тергеу барысын айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы жарылыстарға қатысты тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті деп танылып, қамауға алынды", — деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған деген күдікпен 7 адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Еске салайық, 2023 жылғы қазанда Костенко шахтасында апат болған еді.