Пятница, 25 августа 2023 18:05

Қазақ немесе орыс мектебі. Қай жерде білім сапасы жоғары?

Астана білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қай мектептерде білім сапасы жоғары екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасымхан Сенғазыев елордадағы қазақ тілді мектептердегі білім сапасы орыс тілінде оқытатын мектептерге қарағанда 4 пайызға жоғары екенін айтты. Шенеунік мұның қазақ мектептеріндегі оқушылар санының басымдығынан емес, оқыту сапасы мен мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты екенін алға тартты.

Сондай-ақ, Сенғазиевке "Орыс мектептері қазақ мектептеріне қарағанда жақсы оқытады" деген қоғамдық стереотиптің себебі неде деген сұрақ қойылды.

"Мен балаңызды белгілі бір мектепке беруге мәжбүрлей алмаймын, бұл — ата-ананың таңдауы, оқушының таңдауы", — деп жауап берді ол.