Вторник, 25 июня 2024 06:53

Тағы үш отандасымыз Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінде жартылай финалға шықты

Үш қазақстандық Лондон төріндегі іріктеу ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.

Денис Евсеев француз теннисшісі Маттео Мартиноны 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7) есебімен ұтты. Екінші айналымда Денис тағы бір француз теннисшісі Титуан Дрогемен (133 АТР) өзара бақ сынасатын болады.

Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты қапы қалдырды. Есеп – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7). Бейбіт енді алда серб теннисшісі Хамад Медьедовичпен (127 АТР) финалға жолдаманы өзара сарапқа салады.

Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны жеңді. Есеп – 6:3, 6:3. Екінші айналымда Тимофей словакиялық Лукаш Клейнмен (129 АТР) кездесетін болады.

Сурет: ktf.kz