"Шалбар киіп жүрсіздер, сөздеріңізде тұрыңыздар": Концертке кешіккен Нұржан Төлендиев халықтан оңбай сөз естіді
"Алдараспан" театры Талдықорған қаласындағы коцертті бір жарым сағатқа кешігіп бастаған. |
Концерттің кеш басталғанына ашуланған көрермендердің бірі Нұржан Төлендиевке ренішін айтқан видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Халықты, Талдықорғанның азаматтарын сыйлаңыздар, бір сағат жиырма минут кешігіп, мына жерде әндетіп жатсыздар. Мәселе онда емес, мына халықты сыйла. Талдықорғанға екінші рет мынандай жасамаңыздар, сіздер уже екінші рет осылай жасап жатсыздар. Концерттеріңізге келіп жатырмыз. Сіздер билетті бір ай бұрын саттыңыздар ма, бір сағат бұрын осы жерде болуларыңыз керек. Айып сіздерден, бұдан кейін қайталамаңыздар ер азаматсыздар ма, шалбар киіп жүрсіздер ма, сөздеріңізде тұрыңыздар", — дейді концерттің кеш басталғанына ренішін білдірген көрермен.
Ал желі қолданушылары Нұржан Төлендиевтің сабырлығына тәнті болуда.
"Бәрін қойшы, Нұржан красавчик сабыр сақтап тұрған еркек", "Қыс ауасы жолда оңай емес қой.Бұлай айқайлау керек емес", "Нұржан үлкенді сыйлай біледі", "Бұлар да әдейі кешігейік демейді ғой, түсіністікпен қарау керек қой", — деп жазды олар.