Понедельник, 02 октября 2023 18:08

Қазақстан қоржынына Азиаданың төртінші алтыны түсті

Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық ескекшілер каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.

Жапониялық, ирандық ескекшілер екінші, үшінші орында.
Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан 2023 жылғы Азия ойындарында тағы екі күміс медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.