Понедельник, 04 сентября 2023 18:54

Зайнутдинов Түркия чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізді

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында Түркия чемпионатындағы дебюттік ойынын өткізді.

Зайнутдинов Түркия Суперлигасының төртінші турында «Сивасспормен» өткен ойынның 63-минутында алаңға шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz.-ке сілтеме жасап.

Зайнутдинов алаңға шыққанда «Бешикташ» 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Ойын соңына дейін осы нәтиже өзгерген жоқ.

Айта кетейік, Бактиёр Зайнутдинов «Бешикташқа» мәскеулік ЦСКА-дан ауысты. Түркиялық клуб сапындағы алғашқы ойынын Конференция лиганың іріктеу кезеңінде өткізді, Киевтік «Динамоға» қарсы бірінші ойында жеңіс голын соқты.